oC

«Ақтөбе облысының білім басқарамасы» Мұғалжар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарлығаш» бөбекжай- бақшасы»

 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны  1992 жылдың қазан айынан бастап Октябрь мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты №32 «Қарлығаш» балабақшасы болып жұмыс жасап келіп, 2010 жылдың қаңтар айынан бастап балабақшалардың меншік иесінің өзгеруіне байланысты Мұғалжар ауданы әкімдігінің 24 желтоқсан 2009 жылғы № 458 қаулысымен аудандық білім бөліміне қарасты «Қарлығаш» жалпы үлгідегі мектепке дейінгі ұйым» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын  болып қайта құрылды.

Мектепке дейінгі ұйым   330 орынға арналған  типтік  үлгідегі үш қабатты ғимаратта орналасқан.Балабақшада 14 топ жұмыс жасайды. 1 тобы туберкулез  ауруына қарсы емдік-сауықтыру  шараларын жүргізу және алдын алу мақсатында ашылған санаторлық топ. Оқыту және тәрбиелеу  – екі тілде, 10 топта мемлекеттік тілде, 4 топта орыс тілінде жүргізіледі. Балабақшаның жалпы ауданы-3838,8м². Мекен-жайы: 030701 Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, «Достық» шағын ауданы, құрылыс 25А.

Телефон, факс: 8-71333-3-49-45. Электрондық почта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама 2021жыл 18 қаңтар күні берілген. БИН 100440010933
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғандығы туралы № KZ60RVK00027828 хабарлама 22.01.2021 жылы алынған.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен медициналық қызмет көрсетудің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкестігі туралы Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасының лицензиясы бар. №серия 10560DD , 24 мамыр 2018 жылы берілген.