oC

Білім басқармасы ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың білім алуына қолдау көрсету, дамудың бұзылуын түзету және білім берудің барлық деңгейлерінде әлеуметтік бейімдеу мақсатында «Malahit» бағдарламасына ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім берудің электрондық жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Барлық арнайы білім беру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты барлық негізгі процестер автоматтандырылады.

Ақпараттық жүйе зерттеу актілерін, ПМПК қорытындыларын алу; білім алушыларды мектепке қабылдау және оқудан шығару процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді. «Malahit» бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі балалар санының толық көрінісін береді, оларды біліммен, психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтиды. Біз баланың анықталған және «ерекше білім беру қажеттілігі бар бала» мәртебесін алған сәттен бастап кез келген білім беру ұйымында оқуды аяқтағанға дейінгі барлық білім беру бағытын көреміз.

Барлық арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдары (мектептер мен балабақшалар) бір тізілімде болады.

«Malahit24.kz» түзету және ПМПК кабинеттерінде бүгінде бағдарлама арқылы 261 қызмет алушының онлайн режимінде өтініш беру нұсқаулары бар.