oC

Қысқаша тезис.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда баланың өмірі мен дамуына ықпал ететін барлық факторларды ескеру қажет. Демек, баламен жұмысты ата-аналарымен, қоршаған ортамен өзара ынтымақтастықта құру аса маңызды.

Aта-аналармен үнемі қарым-қатынаста болу және оларды бейімдеу мен оқыту процестеріне тарту мектепке дейінгі ұйым ұжымының басты міндеттерінің бірі болуға тиіс (Модельдің 48-т).

Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру үшін ата-аналар жиналыстарының жаңа форматының келесі түрлерін таңдау ұсынылады:

  • тренингтер;
  • семинарлар;

 - ата-аналар конференциясы;

  • ата-аналармен бейресми байланыс орнатуға бағытталған дәстүрлі емес қарым-қатынас нысандары;
  • пікірталастар;
  • педагогикалық қонақ бөлмелері.

Ата-аналар жиналыстарын өткізудің мақсаты: мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуға, балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін өзгертуге қатысты ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тәрбиелеу-білім беру процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

Міндеттері:

1) балаларды дамыту, тәрбиелеу мен оқыту процесіне ата-аналарды тарту;

2) ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру;

3) балаларға мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын іске асыру үшін жайлы жағдай жасауда отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру;

4) өзара түсіністік атмосферасын құру, мүдделердің ортақтығын, мектепке дейінгі ұйымның педагогтері мен ата-аналары арасында қарым-қатынасқа деген оң көзқарас пен тілектестікті қолдау;

5) ата-аналар институтының жұмысын ұйымдастыру (жас аналар мектебі, әжелер мектебі, аталар мектебі, әкелер мектебі).

Күтілетін нәтижелер:

1)  ата-аналарға білім беру процесінің қатысушылары болуға мүмкіндік беріледі;

2) ата-аналар үйде баланың толық дамуына жағдай жасау үшін консультациялық көмек алады.

 

Балабақшадағы ата-аналар жиналысы сценарийінің үлгісі

Күн тәртібінде:

  1. Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін өзгерту бойынша түсіндіру жұмыстары.

Қатысушылар:

  1. Балабақшаның барлық жас топтарының ата-аналары мен педагогтері – (қатысушылар санын көрсету)

Өткізілу нысаны: семинар (егер басқа формат таңдалған болса көрсету)

Семинардың өткізілу барысы:

  1. МДҰ-ғы топтың заттық-кеңістіктік дамытушы ортасы жайлы бейнеролигін көрсету (2-2,5 мин).

Бейнероликтің мазмұны:

  • балалар бастамасын қолдау, заттар мен ойыншықтарға еркін қол жеткізу үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар орта
  • педагогтердің балаларға арналған дамытушы процесті ұйымдастыруы
  • қызығушылықтар аймақтарындағы балалар іс-әрекетінің әр түрлері
  • педагог пен балалар арасындағы өзара әрекет
  • баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған дамытушы орта, ойын және тақырыптық аймақтар
  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнындағы жаңа тәсілдерді таныстыру.

1-слайд.  Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі.

Анықтама үшін.

       «Дамыту, тәрбиелеу және оқыту процестері тәсілдерін өзгерту» бойынша дамыту моделінен алынған материалдар

  1. Қазіргі әлемде білімге деген көзқарас балалар өмір сүріп, өсіп жатқан, жылдам өзгеріп отыратын болмыспен бірге өзгеруде. Білімді баланың туылған сәтінен бастап өмір бойы жалғасатын процесс ретінде қарау білім беру процесін ұйымдастырудың икемді стандарттарын қабылдауды қажет етеді. Балалар көп уақытын білім беру ұйымдарында өткізеді, бұл балалардың мәдени және этникалық әртүрлілікке құрмет көрсетілетін үйлесімді, мейірімді, дамытушы, инклюзивті, әділ ортада балалық шағын өткізуі үшін тиісті жағдайлар жасаудың маңыздылығын түсінуге әкеледі.
  2. Бала өзінің әлем жайлы жеке түсінігін қалыптастыру құқығы мен мүмкіндігі бар оқуға белсенді қатысушы ретінде қабылдануы тиіс.
  3. Мектепке дейінгі кезең - мектепке дайындық сатысы, баланың өмірлік маңызды дағдыларын дамыту кезеңі. Демек, бала өміріндегі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту тәсілінің ұйымдастырылған оқу қызметінен баланың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, әр баланың әлеуетін барынша дамытуға жағдай жасауға қарай өзгеруі тиіс. Педагогтің алдын ала жоспарлаған әрекеттерін орындап қана қоймай, баланың қызығушылығына көңіл бөліп, күнді өзі таңдаған белсенділік түріне қарай құрудың маңызы зор.
  4. Тәрбиелеу мен дамыту ерте балалық шақтан басталады, бұл ғылыми тұжырымдармен дәлелденген. Балаларды тәрбиелеуде отбасындағы жайлы жағдай, ата-аналардың моральдық қасиеттері зор маңызға ие. Сондықтан балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру қажет.

2-слайд. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың стандарты.

Анықтама материалдары.

  1. Тәрбиелеу-білім беру процесінде мектепке дейінгі ұйымдағы ісшаралардан тұратын күн тәртібіне (балаларды қабылдау, таңертеңгі жаттығу,тамақтану, серуендеу, күндізгі ұйқы, шынықтыру шаралары, балалардың үйге қайтуы) сәйкес балалар іс-әрекетінің түрлері (ұйымдастырылған, ойын, танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, эксперименталдық, еңбек, заттық, қимылдық, бейнелеу) қарастырылады.
  2. Тәрбиеленушілердің эмоционалдық жайлылығын, жан-жақты және толыққанды дамуын, балалардың белсенділік түрлерін және бірге әрекет етуге қатысушыларды таңдау мүмкіндігін, ойын аймақтарының қанықтылығын, қолжетімділігін, вариативтілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дамытушы орта құрылады.
  3. Мектепке дейінгі ұйымның және мектепалды сыныбының түлегі:

физикалық дамыған;

ізденімпаз;

бастамашыл;

табанды;

бейімделуге қабілетті, көпшіл;

өзіне сенімді;

командада жұмыс істей біледі;

эмоционалды жауапты;

өзі, отбасы, қоғам (жақын қоғам), мемлекет (ел), әлем және табиғат туралы

алғашқы түсініктерге ие.

3-слайд. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

Анықтамалық материалдар.

  • Ұйымдастырылған іс-әрекет – «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 14 қазандағы № 422 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыру үшін, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметттік нормаларға баулу, қауіпсіз мінез- құлық қағидаларын қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) арқылы ұйымдастыратын іс-әрекет.
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күн бойы балалардың физикалық белсенділігіне уақыт бөлінеді.
  • Мемлекеттік тілді меңгеру мақсатында педагогке Үлгілік бағдарламада айқындалған сөздік минимумды балалармен бірге күні бойы үйрену, тәрбиеленушілердің түрлі  іс-әрекетінде  ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сонымен қатар қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздік қорын байыту, тілдік нормаларды, қарым-қатынас мәдениетін меңгерту меңгеру ұсынылады.
  • Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ән салуға, музыка тыңдауға, әндерді жаттауға, импровизацияға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға, балалардың шулы аспаптарында ойнауына және музыкалық іс-әрекеттің басқа түрлеріне күні бойы уақыт бөлінеді.

 

4-слайд. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

Анықтамалық материалдар.  

       2.Бағдарламаның мақсаты әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу болып табылады.

  1. Бағдарламаның міндеттері мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жайлы және қауіпсіз білім беру жағдайларын жасау, баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған дамытушы заттық- кеңістіктік ортаны, оның ішінде арнайы ортаны құру, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың физикалық дамуы, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік- эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру, баланың зияткерлік, әлеуметтік дағдыларын және тұлғасын дамыту үшін инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерінің бірлігін қамтамасыз ету, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, отаншылдыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметтік нормаларға баулу, балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру, баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді беру болып табылады.
  2. Бағдарламаның мазмұны:

дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға;

балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып,

ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуге, қолдың ұсақ моторикасын, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға;

тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуге;

өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру, қоршаған әлемді эмоционалды тану, тәрбиеленушілердің өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасауға;

тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оң әлеуметтендіру, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, қоғам және мемлекет, отбасы дәстүрлеріне баулу, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасындағы оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін ескере отырып, сабақтастық пен үздіксіздік қағидаларын қамтамасыз етуге;

бастауыш білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктер беруге бағытталған.

5.Бағдарламаның мазмұны балалардың физикалық және психикалық дамуының жас кезеңдерін ескере отырып, келесі жас топтарында іске асырылады:

ерте жас тобы – 1 жастағы балалар; кіші топ – 2 жастағы балалар;

ортаңғы топ – 3 жастағы балалар; ересек топ – 4 жастағы балалар;

мектепалды топ, мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сынып – 5 жастағы балалар.

6.Бағдарламаның мазмұнын меңгеру мерзімі – 5 жыл, бір жас тобында – 1 жыл.

7.Педагог балаға:

ненің «дұрыс» және ненің «бұрыс» екенін түсінуді; сыпайы және мейірімді болуды;

дос болуды, құрметтеуді, көмектесуді, бөлісуді;

қызығушылық танытуды, қоршаған әлемді бақылауды және зерттеуді; тыңдауды, түсінуді және саналы сөйлеуді;

қауіпсіз мінез-құлық ережелері мен салауатты әдеттерді сақтауды;

физикалық белсенділікке, соның ішінде белсенді қимыл ойындарын ойнауды;

өзі ойнауды;

ересектерге көмектесуге, еңбекқорлыққа;

ата-анасына,          достарына,       туған      өлкесіне        деген       сүйіспеншілік          

пен қамқорлық көрсете білуді, отбасын бағалауды;

өзіне қамқорлық жасауға және ниетін білдіруге үйретеді.

8.Бағдарлама меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда және мектептердегі (лицейлердегі, гимназиялардағы) мектепалды сыныптарда іске асырылады.

  1. Пікір алмасу және кері байланыс.
  • баланың көңіл-күйі
  • баланың шаршамауы
  • баланың балабақшаға бару ниетінің болуы
  • педагог пен балалар арасындағы өзара әрекет
  • балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша ата-аналардың қалаулары мен ұсыныстары