oC

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» үшінші бағдарында «Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуге тиіс. Олардың жұмыс жүктемесін де  біртіндеп азайтқан жөн. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады.

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1008 Жарлығымен бекітілген Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 46, 47, 48 тармақтарында аталған басымдылықтар қамтылған:

- балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту;

- тәрбиешілердің жүктемесін азайту.

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру мақсатында облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының мектепке дейінгі ұйымдарында «Өсу нүктелері» құзыреттілік орталықтары», «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі педагог» пилоттық жобаларын және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын бағалау өлшемшарттарының апробациясы өткізілуде. Пилоттық жобамен республиканың барлық өңірлерінен 39 мектепке дейінгі ұйым қамтылған (қазан-желтоқсан 2022 ж.).

Модельдің міндеттері:

       1) инклюзивті білім беруді қоса алғанда, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының икемділігін қамтамасыз ету арқылы педагогикалық процесті ғылыми негізде жетілдіру жолымен мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнын өзгертуге жағдай жасау;  

       2) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнындағы өзгерістерді нормативтік құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

       3) сапа өлшемшарттарын айқындау арқылы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын арттыру және білім берудің сапасын бағалау құралын әзірлеу;

       4) қазіргі заманғы теорияларды ұлттық ерекшеліктермен үйлесімді ұштастыру негізінде баланы ерте дамыту процесінің тұтастығын қамтамасыз ету;

       5) ғылыми негізде вариативтік оқу бағдарламаларының құрылымын әзірлеу және бағыттарын айқындау;

       6) педагогтердің деңгейінде және білім беру ұйымдарының деңгейінде мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті жұмысында зерттеу жұмысының мәдениетін қалыптастыру;

       7) педагогтердің кәсіби өсуінің үздіксіздігін қамтамасыз ету;

        8) өзара әріптестік іс-қимыл орнату арқылы ата-аналардың білім беру қызметтеріне қанағаттануын қамтамасыз ету.

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 тамызда № 29031 болып тіркелді.

Тәрбиелеу-білім беру процесінде:

әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу жүзеге асырылады;

балалардың құқықтарын, өмірін қорғау, денсаулығын нығайту қамтамасыз етіледі;

салауатты өмір салтының негіздері, қауіпсіз өмір сүру дағдылары, қимыл-қозғалыс, бейімделу, коммуникативтік, әлеуметтік-эмоционалды, когнитивтік дағдылар, өзіне, отбасына, құрдастарына, қоршаған ортаға адамгершілік қарым-қатынасы, тәрбиеленушілердің қарым-қатынас мәдениеті, ұлттық бірегейлік пен азаматтық негіздері, патриотизм қалыптасады;

тәрбиеленушілердің физикалық, зияткерлік, танымдық-сөйлеу, көркем-эстетикалық, шығармашылық қабілеттері дамиды;

Отанға, ана тіліне сүйіспеншілік тәрбиеленеді;

баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктер беріледі.

Тәрбиеленушілердің құзыреттіліктерін, физикалық және жеке қасиеттерін дамыту олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдыларын қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.

  • Физикалық дамыту;
  • Коммуникативтік дағдыларды дамыту;
  • Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту;
  • Шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту;
  • Әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелеу-білім беру процесінде мектепке дейінгі ұйымдағы іс-шаралардан тұратын күн тәртібіне (балаларды қабылдау, таңертеңгі жаттығу, тамақтану, серуендеу, күндізгі ұйқы, шынықтыру шаралары, балалардың үйге қайтуы) сәйкес балалар іс-әрекетінің түрлері (ұйымдастырылған, ойын, танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, эксперименталдық, еңбек, заттық, қимылдық, бейнелеу) қарастырылады.

 Тәрбиеленушілердің эмоционалдық жайлылығын, жан-жақты және толыққанды дамуын, балалардың белсенділік түрлерін және бірге әрекет етуге қатысушыларды таңдау мүмкіндігін, ойын аймақтарының қанықтылығын, қолжетімділігін, вариативтілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дамытушы орта құрылады.

Мектепке дейінгі ұйымның және мектепалды сыныбының түлегі:

      физикалық дамыған;

      ізденімпаз;

      бастамашыл;

      табанды;

      бейімделуге қабілетті, көпшіл;

      өзіне сенімді;

      командада жұмыс істей біледі;

      эмоционалды жауапты;

      өзі, отбасы, қоғам (жақын қоғам), мемлекет (ел), әлем және табиғат туралы алғашқы түсініктерге ие.

Жас кезеңдері мынадай:

      1) бөбек жасы – 0 (жаңа туған балалар ) – 2 жастағы балалар;

      2) мектепке дейінгі жас – 3-5 жастағы балалар.

      Жас топтары балалардың күнтізбелік жылдағы толық жасын ескере отырып, оқу жылының басында жасақталады:

      ерте жас тобы – 1 жастағы балалар;

      кіші топ – 2 жастағы балалар;

      ортаңғы топ – 3 жастағы балалар;

      ересек топ – 4 жастағы балалар;

      мектепалды топ, мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сынып – 5 жастағы балалар.

  1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі 394 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 қыркүйекте № 29509 болып тіркелді.

Бөбек жасындағы балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары

Рет №

Ұйымдастырылған іс-әрекет*

Жас топтары

ерте жас тобы (1 жастағы балалар)

кіші топ (2 жастағы балалар)

1

Дене шынықтыру

аптасына үш рет

аптасына үш рет

Дене шынықтыру**

күн сайын

күн сайын

2

Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет

күн сайын

күн сайын

3

Сенсорика

күн сайын

күн сайын

4

Қоршаған ортамен таныстыру

күн сайын

күн сайын

5

Сурет салу

 -

күн сайын

Мүсіндеу

күн сайын

күн сайын

Жапсыру

-

күн сайын

Құрастыру

-

күн сайын

6

Музыка

аптасына бір рет

аптасына бір рет

Музыка***

күн сайын

күн сайын

7

Арнайы түзетуші іс-әрекет

күн сайын

күн сайын

Ескерту:

*Ұйымдастырылған іс-әрекет - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметттік нормаларға баулу, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) арқылы ұйымдастыратын кіріктірілген сабағы.

** Бөбек жасындағы балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың физикалық белсенділігіне уақыт бөлінеді.

*** Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы ән айтуға, музыка тыңдауға, әндерді жаттатуға, импровизацияға, музыкамен ырғақты қозғалыстарға, шулы балалар аспаптарында ойнауға және музыкалық іс-әрекеттің басқа түрлеріне уақыт бөлінеді.

**** Арнайы түзетуші іс-әрекет арнайы мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы топтарында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жүргізіледі.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары

Рет №

Ұйымдастырылған іс-әрекет*

Жас топтары

ортаңғы топ (3 жастағы балалар)

ересек топ (4 жастағы балалар)

1

Дене шынықтыру

аптасына үш рет

аптасына үш рет

Дене шынықтыру**

күн сайын

күн сайын

2

Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет

күн сайын

күн сайын

Қазақ тілі

аптасына бір рет

аптасына бір рет

Қазақ тілі ***

күн сайын

күн сайын

3

Сауат ашу негіздері

-

-

4

Математика негіздері

күн сайын

күн сайын

5

Қоршаған ортамен таныстыру

күн сайын

күн сайын

6

Сурет салу

күн сайын

күн сайын

Мүсіндеу

Жапсыру

Құрастыру

7

Музыка

аптасына бір рет

аптасына екі рет

Музыка****

күн сайын

күн сайын

8

Арнайы түзетуші іс-әрекет*****

күн сайын

күн сайын

Ескерту:

** Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың физикалық белсенділігіне уақыт бөлінеді.

***Мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салттары мен дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылады.

Мектепке дейінгі ұйымдағы мектепалды топқа / мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сыныпқа арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (5 жастағы балалар)

Рет№

Ұйымдастырылған іс-әрекет*/ Балалардың іс-әрекеті

Аптадағы өткізу жиілігі

Аптадағы нормативтік жүктеме

1

Дене шынықтыру

 

 

3 сағат

Дене шынықтыру**

күн сайын

 

 

2

Сөйлеуді дамыту

 

 

2 сағат

Көркем әдебиет

 

 

2 сағат

Қарым-қатынас іс-әрекеті

күн сайын

 

 

Қазақ тілі

 

 

2 сағат

Қазақ тілі***

күн сайын

 

 

3

Сауат ашу негіздері

 

 

3 сағат

 

 

Қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет

күн сайын

 

 

4

Математика негіздері

 

 

3 сағат

 

 

Танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті

күн сайын

 

 

5

Қоршаған ортамен таныстыру

 

 

2 сағат

 

 

Қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті

күн сайын

 

 

6

Сурет салу

 

 

 

1 сағат

Мүсіндеу

Жапсыру

Құрастыру

7

Шығармашылық іс-әрекет, бейнелеу іс-әрекеті

күн сайын

 

 

Музыка

 

 

2 сағат

Музыка****

күн сайын

 

 

8

Барлығы

 

 

20 сағат

  1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы №422 бұйрығы.
  2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 6-тармағына және 14-бабының 1-тармағына, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) талаптарына сәйкес әзірленді.
  3. Бағдарламаның мақсаты әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу болып табылады.
  4. Бағдарламаның міндеттері мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жайлы және қауіпсіз білім беру жағдайларын жасау, баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған дамытушы заттық-кеңістіктік ортаны, оның ішінде арнайы ортаны құру, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың физикалық дамуы, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру, баланың зияткерлік, әлеуметтік дағдыларын және тұлғасын дамыту үшін инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерінің бірлігін қамтамасыз ету, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, отаншылдыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметтік нормаларға баулу, балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру, баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді беру болып табылады.
  5. Бағдарламаның мазмұны:

дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға;

балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуге, қолдың ұсақ моторикасын, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға;

тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуге;

өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру, қоршаған әлемді эмоционалды тану, тәрбиеленушілердің өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасауға;

тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оң әлеуметтендіру, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, қоғам және мемлекет, отбасы дәстүрлеріне баулу, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасындағы оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін ескере отырып, сабақтастық пен үздіксіздік қағидаларын қамтамасыз етуге;

бастауыш білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктер беруге бағытталған.

Бағдарламаның мазмұны балалардың физикалық және психикалық дамуының жас кезеңдерін ескере отырып, келесі жас топтарында іске асырылады:

ерте жас тобы – 1 жастағы балалар;

кіші топ – 2 жастағы балалар;

ортаңғы топ – 3 жастағы балалар;

ересек топ – 4 жастағы балалар;

мектепалды топ, мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сынып – 5 жастағы балалар.

Бағдарламаның мазмұнын меңгеру мерзімі – 5 жыл, бір жас тобында –    1 жыл.

Педагог балаға:

ненің «дұрыс» және ненің «бұрыс» екенін түсінуді; 

сыпайы және мейірімді болуды;

дос болуды, құрметтеуді, көмектесуді, бөлісуді;

қызығушылық танытуды, қоршаған әлемді бақылауды және зерттеуді;

тыңдауды, түсінуді және саналы сөйлеуді;

қауіпсіз мінез-құлық ережелері мен салауатты әдеттерді сақтауды;

физикалық белсенділікке, соның ішінде белсенді қимыл ойындарын ойнауды;

өзі ойнауды;

ересектерге көмектесуге, еңбекқорлыққа;

ата-анасына, достарына, туған өлкесіне деген сүйіспеншілік пен қамқорлық көрсете білуді, отбасын бағалауды;

өзіне қамқорлық жасауға және ниетін білдіруге үйретеді.