oC

22 наурыз Ұлыстың Ұлы күніне орай балабақшамызда "Әжелер сөзі-тәрбие көзі" атты сайысы өтті.Балабақша әдіскері Жангүл Жұмабайқызының ұйымдастыруымен өткен сайыста жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен таныстыруға,әже тәрбиесін үлгі етуге мән берілді. Сайысқа төрт әже қатысып, алты бөлімнен құралып, әжелеріміз өз өнерлерін ортаға салып,салт-дәстүр мен қазақ халқының ұмытылып бара жатқан дәстүрлерін өскелең жас ұрпаққа дәріптеді.
Сайыс соңында әділ қазылар алқасы әділ бағаларын беріп, бірінші орынды Сания Рахатқызы жеңіп алса,Гүлзипа Хисамиддинқызы "Ақылды әже",Гүлфара Балмашевна"Өнерлі әже",Жанар Ерсайновна "Жас әже" номинациялары бойынша марапатталды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қарлығаш Бөбекжай-бақшасы (@karligash.kandiagash)